УЛЬТРАДЫБЫС ЖАҒДАЙЫНДА 4-АМИНОБЕНЗОЙ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ТУЫНДЫСЫН СИНТЕЗДЕУ

Авторы

  • A.Х. Жакина
  • Д.С. Абдрахманова

Ключевые слова:

ультрадыбыс, п-аминобензойной қышқылының этил эфирі, малеин ангидриді, циклдену

Аннотация

Қысқаша хабарламада 3-[(4-этоксикарбонил)фенилкарбамойл]-2-пропен қышқылынан этил
4-(2,5-диоксо-2,5-дигидро-1Н-пирролил)бензоатты ультрадыбыстық белсендендіруді пайдалана отырып, оны
одан әрі циклдендіру кезінде, фуран циклін ашу сатысы арқылы синтездеу мүмкіндігі қарастырылған.
Бастапқы реагенттер ретінде п-аминобензой қышқылының этил эфирі және малеин ангидриді қолданылды.
Реакция бастапқы реагенттердің эквимольдік қатынасында бірқалыпты жүреді. Ультрадыбыстық қондырғы
ретінде 22 кГц жиіліктегі және магнитострикциялық түрлендіргіші бар ультрадыбыстық генератормен
жабдықталған ИЛ-10 ультрадыбыстық құрылғы қолданылды. Ультрадыбысты қолдану химиялық процесті
қарқынды жүргізуге, реакция жылдамдығын арттыруға және соңғы өнімнің шығымдылығын арттыруға
мүмкіндік береді. Алынған қосылыстың құрылымы мен құрамы ИҚ- және ЯМР 1
Н спектроскопиясы арқылы
расталды

Загрузки

Опубликован

2020-03-29

Как цитировать

A.Х. Жакина, & Д.С. Абдрахманова. (2020). УЛЬТРАДЫБЫС ЖАҒДАЙЫНДА 4-АМИНОБЕНЗОЙ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ТУЫНДЫСЫН СИНТЕЗДЕУ. Известия НАН РК. Серия химии и технологии, (2), 153–155. извлечено от http://91834.libg.asia/chemistry-technology/article/view/934